Ақпараттық хабарлама Аграрлық несие корпорациясы борышкерлердің айыппұлдарын есептен шығару туралы акцияның басталғаны туралы хабарлайды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Тиімді өтеу» акциясының басталғанын хабарлайды. Корпорация берешектер ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін толық өтелген жағдайда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде қалыптасқан қарызгерлердің есептелген пайызын есептен шығарады. Акция сондай-ақ проблемалық қарыз алушыларға да қатысты болмақ. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға бағытталған бұл акция алғаш рет іске қосылып отыр. Оның мақсаты- уақытша қиындықтарға тап болған ауыл бизнесіне жәрдемдесу, сонымен қатар проблемалық несиелер деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету. Толық ақпарат алу үшін проблемалық қарыздар Департаментінің Орталық аппаратына 8/7172/55-99-48, 55-99-49 нөмірлері бойынша, 8/7172/55-99-64 нөмірі бойынша Мониторинг Департаментіне, корпоративті электронды поштасына-info@agrocredit.kz немесе Корпорация филиалдарына хабарласу қажет. Өтінімдер формасы және оны толтыру бойынша нұсқаулықпен Сіз Аграрлық несие корпорациясының http://www.kazagro.kz/ru/77 ресми сайтынан таныса аласыз.