«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Ақтөбе облысына іссапары барысында аймақтағы кредиттік серіктестік өкілдерімен кездесті. Онда алдымен кредиттік серіктестіктердің қызметіне қатысты мәселелер қаралды. Осыдан кейін Айдын Еділханұлы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру механизмдері туралы түсіндіріп, «Кең дала 2» бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ фермерлердің сұрақтарына жауап берді. «Кең дала 2» қосымша 300 млрд теңге бөлінген Аграрлық несие корпорациясының жаңа бағдарламасы. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Фермерлерге несиені тікелей 5%-бен ала алатындай мүмкіндік жасалды. Кепіл мүлкі жетпейтін фермерлер үшін қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ кепілдендіреді.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады