Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бәйтеректің ашық жүрегі

«Бәйтерек» холдингінде «Baiterek – Open Hearts» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Шараға холдингтің барлық еншілес ұйымдары қатысты.

Жәрмеңкеде қызметкерлердің қолынан шыққан картиналар, тоқыма бұйымдары мен тәтті тағамдар сатылды.

Аграрлық несие корпорациясының сауда орнына адам көп жиналды. Мұнда корпорация қаржыландырған компаниялардың өнімдері қойылған. Астана және Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, СҚО, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы филиалдар жәрмеңкенің ұйымдастырылуына белсенді атсалысты. Көкөніс, жеміс, бал, бұқтырылған ет, жент, құрт, тары-талқан лезде сатылып кетті.

Жәрмеңкеден түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық мереке ұйымдастыруға жұмсалады.


chat-bgov

Кеңес ал!