Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Көктемгі-егістік және егін жинау жұмыстарына несие беру кезеңі басталды

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Аграрлық несие корпорациясы АҚ-ы АӨК субъектілерінен көктемгі және егістік жұмыстарына өтініштерді қабылдай бастады. Қазіргі таңды көктемгі және егістік жұмыстары үшін өзін жақсы жағынан танытқан Кең дала бағдарламасы бойынша фермерлер белсенді несие алуда. Бүгінгі күні 1228 ауылшаруашылық өңдірушілері 41 млрд. Теңгеге өз өтініштерін берді.

Жылдың соңына дейін Корпорация 1500 ауылшаруашылық өңдірушілерін 3 млн.га егістік алқаптарын өңдеу үшін қаржы бөлуді көздеуде. 

Ағымдағы жылы көктемгі және егістік жұмыстарына Республикалық бюджет тарапынан 60 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы көздері АӨК субъектілерін айналым қаржысын толтыру мен өсімдік өнімдерін сатып алуға аванстық төлем жасап көктемдік және егістік жұмыстарын жүзеге асыру үшін бағытталған. Қаржыландыру үш сатылым жолдары арқылы: екінші деңгейлі банктер, тікелей несиелендіру, кредиттік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Кредиттеу шарттары:

  • Тікелей қарыз алушылар үшін (Т15 млрд) – жылдық 4% бастап (СЖТМ -4% бастап),
  • ЕДБ арқылы (Т40 млрд) – жылдық 5 % бастап (СЖТМ –5% бастап),
  • КС және МҚҰ арқылы (Т5 млрд) – жылдық 6% бастап (СЖТМ- 6% бастап).
  • Тапсырысты Корпорацияның кез келген бөлімшесіне беруге болады.