ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин екі күндік іссапармен Абай облысына барды. Делегация құрамында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары болды. Олар бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, жұмыстарымен танысты. Мұрат Искаков саладағы жобаларды қаржыландыруға қатысты фермерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Екінші күні облыс орталығы Семей қаласында фермерлердің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңес өтті. Кеңес барысында бірнеше облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады