Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Егіннің ебін, малдың жайын тапқан

Қостанай облысының тұрғыны Рамиль Шарыгин егіннің ебін тапқан шаруа. Жыл сайын 234 гектар жерге бидай егеді. Алайда егін егуге керек заттарды дер кезінде алудың қалтаға салмақ түсіретіні бар ғой. 2020 жылы диқан Аграрлық несие корпорациясының Қостанай филиалынан көктемгі егіс науқаны үшін қаржы алған. 

«Аграрлық несие корпорациясынан үшінші жыл қатарынан несие алдым. Күзгі жиын-теріннен соң қарызды жабамын. Бірақ қазір бір саламен шектелуге болмайды. 2020 жылдың желтоқсан айында ірі қара өсіруге тағы да сол корпорациядан пайызы төмен жеңілдетілген несие алдым», - дейді қожалық иесі Рамиль Шарыгин. 

Екі жыл бұрын алған 10 бас ірі қара қазір 25-ке көбейді. Сиырлар жергілікті тұқымды болғасын табынға әулиекөл тұқымды бұқа қосқан. Сан салаға ден қойған фермер енді сүтті-етті бағыттағы симменталь сиырын өсіруді көздеп отыр. Бұған ресурс та, мүмкіндік те жеткілікті. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамытуға тиімді шартпен несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Сурет: latifundist.com