Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ең бастысы - адам ресурстары

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ адами ресурстарды басқару департаменті Корпорация серіктестерін, клиенттері мен қызметкерлерін ұжым мүшелерінің жеке және мансаптық жетістіктері, кадрлық резервтегі қозғалыстар, қызмет нәтижелерін бағалау нәтижелері мен қызметкерлеріміздің өміріндегі елеулі өзгерістер туралы жүйелі түрде хабардар етуді жоспарлап отыр.

2022 жылғы қаңтардан бастап 06 сәуірге дейін Қоғам басшылығының құрамында төмендегідей орын ауысулар болды.

Әсел Жумагельдиевна Жапишева-Байтерекова Қазынашылық департаментінің менеджері лауазымынан Қазынашылық департаментінің аға менеджері лауазымына ауыстырылды,
Әйгерім Сәбитқызы Сәбитова Ірі бизнесті кредиттеу бөлімінің бас маманы лауазымынан Ақтөбе облысы бойынша филиалдың Ірі бизнесті кредиттеу бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Нұрлан Қанатұлы Құсмағанбетов Шағын бизнесті кредиттеу бөлімінің бастығы лауазымынан Ақтөбе облысы бойынша филиал директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды,
Раиса Бекежанқызы Сисенғалиева Атырау облысы бойынша филиалдың жетекші маманы лауазымынан Атырау облысы бойынша филиалдың Әкімшілендіру бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Әсел Сейдаханқызы Мұстафина Заң бөлімінің заңгері лауазымынан Жамбыл облысы бойынша филиалдың Заң бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Ринат Мәжитұлы Абдуллаев Шағын бизнес мониторингі бөлімінің бастығы лауазымынан Жамбыл облысы бойынша филиалдың Ірі бизнеске кредит беру бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Асхат Жұматайұлы Усманов Шағын бизнесті кредиттеу бөлімінің бас маманы лауазымынан Жамбыл облысы бойынша филиалдың Шағын бизнес мониторингі бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Шыңғыс Орозбекұлы Қарақожаев Алматы қаласы бойынша филиалдың Шағын бизнеске кредит беру бөлімінің бастығы лауазымынан Қызылорда облысы бойынша филиалдың Ірі бизнеске кредит беру бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Бағдат Әмірханұлы Джомартов заңгер лауазымынан Қызылорда облысы бойынша филиалдың Заң бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылды,
Бахтияр Аманжолұлы Киреев заңгер лауазымынан Павлодар облысының Заң секторының басшысы лауазымына ауыстырылды.

Сонымен қатар Қоғамның басқарушы құрамына келесі қызметкерлер кірді:
Досмұхамбетов Серік Құрманалыұлы-Ақтөбе облысы бойынша филиалдың Ірі бизнес мониторингі бөлімінің бастығы,
Жолдасова Әлия Жолдыбайқызы-Ақтөбе облысы филиалы директорының орынбасары,
Бекшина Жанар Жайыққызы-Алматы қаласы бойынша филиалдың Ірі бизнес мониторингі бөлімінің бастығы,
Әлбеков Ақылбек Қайратұлы - Алматы қаласы бойынша филиал директорының орынбасары,
Ибраева Нуршат Клиновна-Атырау облысы бойынша филиалдың Заңгерлік сүйемелдеу және проблемалық кредиттер бөлімінің бастығы,
Бисеналиева Лиана Владимировна-Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдың әкімшілендіру бөлімінің бастығы,
Муталиев Даулет Абиханович-Қызылорда облысы бойынша филиалдың Ірі бизнес мониторингі бөлімінің бастығы,
Алшынбаев Фархад Глазбайұлы-Әкімшілік департаментінің Сатып алу бөлімінің бастығы,
Шайманов Талғат Жаңаұлы-Қауіпсіздік департаментінің директоры,
Шокуманова Заурэш Нугуметовна- Салалық сараптама департаментінің директоры,
Еңсебаева Алия Мейрамқызы- PR маркетинг қызметінің басшысы.

Топ-менеджмент құрамында келесі тағайындаулар жүзеге асырылды:
Әшірбеков Алмат Бүркітбайұлы Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды,
Басқарма төрағасының орынбасарлары лауазымына Назгүл Шолпанқұлқызы Қарнақова, Қайрат Қайертарұлы Сапулатов және Руслан Қайболлаұлы Төлегенов, ал Басқарушы директорлар лауазымына Гүлмира Шопайқызы Оспанова, Ерлан Қарыбайұлы Молдашев, Жанат Дулатбекұлы Алин тағайындалды.
Барлық қызметкерлерімізді жаңа қызметтерімен құттықтаймыз, сәттілік пен өркендеуді тілейміз!

Сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің отбасы құрамында елеулі өзгерістер болды, атап айтқанда 7 қызметкер некеге тұрып, отбасын құрды, ал 32 қызметкердің жанұясында балалар дүниеге келді.

Осыған байланысты Қоғам тарапынан аталған қызметкерге ішкі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес өтініштер бойынша материалдық көмек  көрсетілді.

Сурет: www.oz.machine.com