Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамында кадрлық өзгерістер орын алды

Директорлар кеңесінің шешімімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болып Құлтаев Бағлан Құлибайұлы сайланды. Бұған дейін ол Корпорацияның басқарушы директоры-басқарма мүшесі қызметін атқарды, кредит беру, филиалдар қызметі, техникалық сараптама және Агробизнесті қолдау орталығы мәселелеріне жетекшілік етті.

Бағлан Құлтаев 42 жаста, білімі жоғары. 10 жылдан астам орталық және өңірлік деңгейдегі қаржы секторында түрлі лауазымдарда жұмыс жасады. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс жасау тәжірибесі бар.

Директорлар кеңесінің шешімімен Мұрат Дәрібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.