Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы «Қазагроқаржы» АҚ-ның жалғыз акционері атанды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрылымы оңтайландырылды: «ҚазАгроҚаржы» АҚ акцияларының 100%-ы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға берілді.

Осылайша, ҚазАгроҚаржы Аграрлық несие корпорациясының еншілес компаниясына айналды, холдингті трансформациялау аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жалпы саны жетіге дейін азайды.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы құрылған болатын. Компанияның миссиясы - сапалы және бәсекелес лизингтік қызметтер көрсету арқылы республиканың агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыруға жәрдемдесу.

Жүргізілген ұйымдастырушылық өзгерістер компанияның қазіргі клиенттеріне және іске асырылатын лизингтік бағдарламалардың шарттарына әсер етпейді.

Анықтамалық ақпарат:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Аграрлық салада қызметін жүзеге асыратын ірі қаржы ұйымы. Корпорацияның жұмысы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру жолымен республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған.