Жеңілдетілген несиелер фермерлерге жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, оларға бизнесті дамытудың келесі сатысына көтерілуге көмектеседі. Келесі кейіпкеріміз – «Әмина» шаруа қожалығының шаруа қожалығының жетекшісі осындай жолмен шаруашылығын кеңейтті. Аграрлық несие корпорациясының қаржыландыруы оны үй жанындағы шаруашылық иесінен кәсіпкерлер санатына өтуіне себеп болды. Марат Байманов Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғыны. Көптеген ауыл тұрғындары сияқты мал шаруашылығымен айналысты. Тәжірибе мен клиенттерді жинап, жерді жалға алды, мал базаларын салды. 2021 жылы шаруашылығын кеңейту мақсатында «Әмина» шаруа қожалығын тіркеді. Онын устіне женілдетілген салык режимі де шаруашылыкка қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласына қолдау көрсетіліп жатқанын жергілікті газеттен оқып, әріптестерінен қандай көмек алуға болатынын сұрай бастады. Сөйтіп, Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалына келді. Қолындағы малға қоса фермер асыл тұқымды мал сатып алуды ұйғарды. Қажетті құжаттар пакетін жинап, 60 бас ет бағытындағы қалмақ тұқымды ірі қараны сатып алуға несие алды. «Аграрлық несие корпорациясы ұсынып отырған бағдарламалар ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді, – дейді «Әмина» шаруа қожалығының басшысы М.Байманов. - Несиені пайдалана отырып, мал басын көбейттік, етті бағыттағы асыл тұқымды малмен толықтырдық. Бүгінде отбасыммен бірге осы кәсіппен айналысып жатырмыз. Болашақта ауыл шаруашылығы техникасын, құрал-жабдықтарды, қосымша мал сатып алуға несие алуды жоспарлап отырмыз».
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады