Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Маңғыстау облысында ірі құс фабрикасы ашылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында дамыған ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтті. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Маңғыстау облысында облыстың тауық етіне қажеттілігінің тең жартысын өтейтін ірі құс фабрикасы жұмыс істей бастады. Жоба Аграрлық несие корпорациясы мен инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

725 мыңға жуық тұрғыны бар Маңғыстау облысы көп жылдардан бері тауық етінің импортына тәуелді. Батыс өңірінің тұрғындары жылына орта есеппен 11,5 мың тоннаға жуық тауық етін тұтынатынын ескерсек, тауық етін өндіретін кәсіпорын құру қажеттігі айдан анық еді. Биылғы жылдың көктемінде облыста бройлер тауық етін өндіретін жалғыз ірі құс фабрикасы жұмысын бастады. Қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға жуық тауық етін өндіретін Маңғыстау облысындағы ең ірі әрі бірегей ет өндіретін «Ақтау Агро» ЖШС инвестициялық жобасы. Бұл импортқа тәуелділікті екі есе азайтады.

Инвестициялық жобаның құны 5,1 млрд теңгені құрайды. Бұл соманың 30 пайызы отандық инвесторлардың қаражаты есебінен болса, қалған бөлігін «Бәйтерек» ұлттық холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырған. АКК қаржыландырудың жалпы сомасы 3 573 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қарыз алушының айналым қаражатына жалпы қажеттілігі 1,7 млрд теңгені құрайды.

«Бүгінде «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қарыз алушыға айналым қаражатын толықтыру үшін 700 млн теңге несие желісі ашылды. Қалған 1 млрд теңгені қаржыландыру барлық жобалық нысандар толық пайдалануға берілгеннен кейін қарастырылады. АКК атынан біз әрқашан ашық және мұндай жобаларды қарастыруға және қаржыландыруға дайын екенімізді атап өткім келеді. Мұндай бастамалар өңірдің өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізуде, жұмыс орындары ашылуда», - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау филиалының бас маманы Шахрияр Джафарзаде.

Құс фабрикасындағы инкубаторға жұмыртқаның алғашқы партиясы ағымдағы жылдың сәуір айының басында орналастырылды. Маңғыстауға Ресейден 38 жарым мыңға жуық инкубациялық жұмыртқа келді. Дәл осындай мөлшердегі екінші партия 16 күннен кейін төселді. Бройлер тауықтарының бірінші төлі сәуір айының аяғында дүниеге келді, ал мамырдың аяғында құс фабрикасында құстардың алғашқы сынақ союы жүргізілді. «Ақтау Агро» ЖШС директоры Данияр Тұрғыновтың айтуынша, маусым айының соңына қарай облыс сөрелерінде «Каспий құс» брендімен бройлер тауық етінің алғашқы партиясы пайда болады.

«Дайын салқындатылған өнімнің орташа салмағы шамамен 1,5-2 келі, ал бағасы келісіне 1200 теңгені құрайды. Айта кетерлігі, біздің өнімдер салқындатылған болады. Салқындатылған еттің маңызды артықшылығы - ол барлық қоректік заттарды, витаминдерді, микро- және макроэлементтерді толығымен сақтайды. Біз көп мөлшерде өндіретіндіктен, салқындатылған тауықтың тұтынушыға уақытында жетуін қамтамасыз ету үшін сапаны бақылауға бар күшімізді саламыз. Бұл біздің мамандардың сақтау мерзімі мен температуралық режимнің сақталуын қатаң қадағалайтынын білдіреді», - деп атап өтті Данияр Тұрғынов.

«Ақтау Агро» кешенінің өзі үш учаскеден тұрады: инкубатор, 30 мыңнан астам құсқа арналған 16 құс қорасы, сондай-ақ қуаттылығы сағатына 2 мың құсты сою алаңы. Қазіргі уақытта барлық цехтарда бройлерлерді ұстауға және өсіруге қажетті құрал-жабдықтар бар. Оның ішінде ғылыми-зерттеу зертханасы мен ветеринарлық станция бар.

Мұндай құс фабрикаларының цехтарындағы өндіріс процесі - ең күрделі және өзінше қызықты. Балапандар шыққаннан кейін инкубатордан құс қораларына тасымалданады. Процестің барлық кейінгі кезеңдері белгіленген технологияға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Бір айта кетерлігі, құс фабрикасымен қатар сол инвесторлар Мұнайлы ауданында сағатына 10 мың тонна жем шығаратын зауытты іске қосты, ол да АСК арқылы ішінара қаржыландырылады. Бұл өндіріс тек құс фабрикасының қажеттіліктеріне бағытталған емес. Сондай-ақ жергілікті мал шаруашылығына қажетті жем-шөп өндіру де жоспарлануда.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, құс кешенінің іске қосылуы 90-нан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Олардың қатарында мал сою пунктінде ораушы болып жұмыс істейтін Мұстахина Мақұлова да бар.

«Жұмыс оңай болмаса да, өте қызықты. Мұндай өндіріс біз үшін жаңалық. Біз әрине жаттығудан өттік. Маған жұмыс жағдайы ұнайды, көлік, асхана, тіпті жеке жатақхана да бар. Мен облысымызда осындай өндіріс орындарының көбейгенін қалаймын. Бұл, ең алдымен, жергілікті тұрғындар үшін маңызды», - деп бөлісті Мұстахина Мақұлова.

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, жобаны жүзеге асыруда Маңғыстау облысының басшылығы үлкен қолдау көрсеткен. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға құс фабрикасының барлық инфрақұрылымы салынды. Бұл мақсаттарға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.