Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Маңғаз малдың бабын тапқан
Қазақстан посткеңестік кеңістікте түйе саны жөнінен бірінші орында. Елімізде қазір 243 мыңнан астам түйе бар. Дені табиғаты қатаң, жері жұтаң, шөлді-шөлейтті Маңғыстау облысында өсіріледі. Нарықтың дәл осы сегментін тап басқан кәсіпкердің бірі Бексұлтан Көмеков бала кезінен маңғаз малдың бабын тапқан. Бір кездері вахтада еңбек еткен ол ақыры атакәсіпке ден қойыпты. Алайда мемлекеттің көмегінсіз қарыс қадам алға басу мүмкін болмағасын Аграрлық несие корпорациясының қаржысына арқа сүйеген. 

«Корпорацияның бұл несиесі өте тиімді, үш рет жеңілдетілген несие рәсімдедім. Бірінші рет 2017 жылы 4 түйе, 2019 жылы 5 бас, 2020 жылы 13 түйе сатып алдым. Тұқымы негізінен нар өркешті дромедар. Қазір мал басы 80-нен асты. Соның 14-і сауылады. Күніне 3 рет сауамыз. Түйе екі жылда бір туады. Бір түйені 6 ай сауамыз, сосын суалады. 10 литр сүт беретін түйелерім бар. Шұбатқа сұраныс жақсы. Бір литрі 1000 теңгеден сатылады», - дейді жеке кәсіпкер Бексұлтан Көмеков. 

Қожалық түйе түлігі өзінің 10 гектар жерінде бағылады. Бірақ бұл жер аздық етеді. Себебі алдағы уақытта тағы да несие рәсімдеп, мал басын көбейтпекші. Фермер Маңғыстауда осы түлікті баққан тиімді дейді. Қой бағуға арнайы қойшы керек, оның үстіне сүтін сата алмайсың. Сиырға Маңғыстаудың жері қолайсыз. Ал түйе ауруға төзімді. Шынымен де, түйенің морфофизиологиялық ерекшелігі сол, 60 күн аштыққа, 30 күн шөлге шыдайды. Әрі суыққа да төзімді. Минус 49 градусқа дейінгі аязда былқ етпей жүре береді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.