Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мал өсірсең, қой өсір

Агроөнеркәсіптік кешен тиімділігі төмен сектордан агробизнеске айналғалы қашан? Бұл салаға шындап кіріскен жанның бірі СҚО, Тайынша қаласының тұрғыны Медет Таласбай. Бұған дейін әр нәрсенің басын бір шалған жас агрокәсіпкер биыл Шопан ата таяғын ұстаған. 

«Қой бағу атакәсіп қой, таңсық емес. Әкем де ауыл шаруашылығымен айналысқан. Кәсіп бастайын деп Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 104 бас қой алдым. Еділбай тұқымды қошқарларым бар. Қазір біразы қоздады, жылына екі рет төл алуды көздеп отырмын», - дейді шаруа Медет Таласбай.

Әзірге, фермер ұсақ малдың етін нарыққа шығара қоймады. Әуелі мал басын көбейту жоспарда. Қойды келесі жылдан бастап тірідей немесе сойып сатпақ. «Іскер» бағдарламасымен алған несиені уақытынан бұрын жауып, қожалыққа қажетті трактор сатып алғысы келеді. 

Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясының «Іскер» бағдарламасы арқылы жылдық сыйақысы 6 пайыз болатын несиені 7 жылға дейін алуға болады. Несиенің максималды сомасы – 8000 АЕК.

Анықтамалық ақпарат: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамытуға тиімді шартпен несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.