Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мамандығын агросалаға ауыстырған мұғалім

Қазығұрттың Үлгілі ауылында тұратын Мәди Жамашевтің несиені мерзімінен бұрын жауып тастауға мүмкіндігі бар. Тек қарызды толық өтегенше оның айналымда жүргенін жөн көреді. Есесіне бұқа байлап сататын шаруа бір жылда біраз пайда табады. Егіннің ебін тауып, мал азығын өзі өндірген соң бордақының да бабын табуға көшкен. Ал ет өндірісінен мол табыс табу үшін бордақыдағы мал да көп болу керек. Сосын былтыр сыралғы қаржылық одағы – Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті.

«Корпорациядан бірінші рет 2013 жылы мал басын асылдандыру үшін несие алдық. 2021 жылы мал бордақылау алаңына мал алу үшін екінші рет корпорацияның клиенті атандым. Біздің алаң 220 бас бұқаға арналған. 1,5 жастан асқан жас малды халықтан сатып алып, 6 ай жемдейміз. Байлаудағы мал күніне 500 граммға дейін салмақ қосады. Бидай, арпа, жоңышқаны өзіміз егеміз, ал күнжара мен кебекті сатып аламыз», - дейді «Жамашев М» ЖК басшысы. 

Қазір мұндағы малдың тең жарымы ақбас сиырлар, қалғаны жергілікті тұқым. Бір бұқа шамамен 200 кг таза ет береді. Былтыр кәсіпкер 19 тонна сиыр етін нарыққа шығарыпты. Шымкенттен көлік келіп, союға жарамды бұқаларды қасапханаға өздері алып кетеді екен. Жаз айы болғасын қазір бордақылау алаңы толық қуатына шыққан жоқ. Мамандығы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болашақта бордақылау алаңын кеңітіп, 300-400 басқа дейін бұқа байлауды көздеп отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. Толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды орналасқан филиалдардан ала аласыздар.