Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қымыз бен шұбат баптаған

«Қалауын тапсаң қар жанар» деген. Көпшілік мұнайлы Маңғыстауда көбінесе түйе шаруашылығы ғана жақсы дамыған деп ойлайды. Алайда мұнда мыңғыртып малдың түр-түрін баққан жандар аз емес. Ақтау маңында 2015 жылы құрылған «Ақжол» шаруа қожалығының иелігінде қазір 100 бас ірі қара, 200 жылқы, 200 қой бар. Бұған Аграрлық несие корпорациясының қаржысы септігін тигізген. 

«2021 жылы қожалықты кеңейтіп, жылқы шаруашылығымен айналысуды ұйғардым. Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 20 жылқы, 3 түйе және жүк тиегіш көлік сатып алдым. Жалпы сомасы 33 миллион теңге. Қазір Ақтау қаласында қымыз беп шұбат сататын орнымыз бар. Әрі жыл сайын 50 жылқы, 100 қой мен 100 ірі қараны бордақылап сатамыз», - дейді қожалық басшысы Болат Есенәлиев

Фермер төрт түлікті Маңғыстаудағы қуаңшылыққа байланысты Ақтөбе облысынан үй-жай алып, сол жаққа апарған. Табиғат тосын мінез танытпаса, болашақта қайтадан мұнайлы қала маңында ұстамақ. Бұған қаржылық ресурс та, техникалық мүмкіндік те жеткілікті. Корпорация несиесіне алған жүк көлігі бар. Алдағы уақытта тағы тиімді несие алып, өңірге аса қажетті жылыжай ашуды көздеп отыр.