Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекелерінің бірі - Тәуелсіздіктің төлқұжатты іспетті Конституция күнімен құттықтаймын! Конституция – Мемлекеттің негізгі заңы, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі болатын Ата Заңымыз! Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Осы мерекелік күнде Сіздерге және отбасыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Құрметпен, Сарыбаев Нармұхан Қалмаханұлы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы