Бүгін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары Целиноград ауданының Мәншүк Мәметова атындағы ауылында орналасқан «Ен-Дала» ЖШС тауарлы сүт фермасына барды. Серіктестіктің бас директоры Тимур Пшенов сүт фермасының қазіргі әлеуеті жайлы толық баяндап, болашақтағы жоспарларын да жеткізді. Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Ен-Дала» тауарлы сүт фермасында 1 500 бас асыл тұқымды сауын сиыр бар. Заманауи технологиямен жабдықталған ауыл шаруашылығы кәсіпорыны жылына 12 мың тонна сүт өндіре алады. Мұнда қазір 45 адам тұрақты жұмыс істейді.