Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Топырақтағы артық ылғал қаупінен егіс алқаптарын сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ астық және майлы дақылдар егістіктерін егін жинау науқаны кезеңінде топырақтағы артық ылғал қаупінен сақтандыру бойынша өтінім қабылдау мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сақтандыру рәсімдерін уақытылы аяқтауға қосымша мүмкіндік беру мақсатында өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды.

Сақтандыру шартын жасауға өтінімді Kezekte.kz платформасы арқылы беруге болады.

Сақтандыру бағдарламасы Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлеріне қолжетімді.

Сақтандыру қорғауы 2026 жылғы 15 тамыз бен 14 қазан аралығында қолданылады және егін жинау кезеңінде топырақтағы артық ылғалдан туындайтын тәуекелдерді қамтиды.

Өтінім беру, сақтандыру шартын жасау және сақтандыру төлемін алу сияқты барлық рәсімдер Kezekte.kz платформасында орналасқан Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы толықтай электрондық форматта жүзеге асырылады. Сақтандыру шартын рәсімдеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны 80%-ға субсидияланады. Яғни, мемлекет сақтандыру сыйлықақысының негізгі бөлігін өтейді, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші сақтандыру құнының небәрі 20%-ын ғана төлейді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолайсыз ауа райы жағдайларынан болатын тәуекелдерден болашақ өнімді қорғау мүмкіндігін пайдаланып, 2026 жылғы 15 шілдеге дейін сақтандыру полисін рәсімдеуге шақырады. 


chat-bgov

Кеңес ал!