«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев бастаған делегация 2023 жылдың 27-28 қыркүйегі күндері Алматы қаласы мен Алматы облысына барды. Сапар аясында делегация екі күнде филиалдың қызметімен танысып, 10 нысанды аралады. Олардың қатарында бордақылау алаңдары, ет өңдеу, соя майын өндіру кәсіпорыны, жылыжай кешендері, жеміс бақтары және басқа да нысандар бар. Фермерлер делегация өкілдеріне шаруашылықтарын таныстырып, жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Сондай-ақ өз ұсыныстарын жеткізді. Дәл осындай кездесулер басқа облыстарда да жалғасатын болады. 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын қоса есептегенде Алматы мен Алматы облысын қаржыландырудың жалпы жоспары 17,2 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда 12,7 млрд теңгенің несиесі берілді. Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға шағын несие беру» бағдарламарын іске асыруда.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады