Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Басқарма төрағасының орынбасары М.Искаковтың Ұлытау облысына іссапары

Жезқазған қаласында Ұлытау облыстық фермерлер қауымдастығының «Ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелер және оның шешу жолдарын талқылау» тақырыбына арналған кеңес өтті. Оған «Аграрлық несие копорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев қатысты.

Кеңесте Аграрлық несие корпорациясы тарапынан шаруаларды қолдауға арналған бағдарламалар мен оны іске асырудың механизмдері таныстырылды. Бұдан бөлек фермерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.