Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары іссапармен Ақмола облысында болды. Министр аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кеңес өткізді. Онда егін жинау науқанының барысы сараланып, астық сатып алу және фермерлерге мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері айтылды. Айдарбек Сапаров биыл Үкімет фермерлерді қолдау шараларын қабылдағанын айтты. Көктемгі егін егу мен жиын-терім жұмыстарын жүргізуге алғаш рет 580 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Делегация өкілдері жұмыс сапары аясында «Aqrimer Astyk» ЖШС элеваторының, «Абдрахманов Б.Д.» ЖК тауарлы сүт фермасының жұмысымен танысты.