Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы қостанайлық шаруаларға қаржы бөлді

Қой өсіріп, кәсіп жүргіземін деушілерге мемлекеттен қолдау көп. Оның бір түрі тиімді несие бағдарламасы. Мысалы, Аграрлық несие корпорациясы биыл қостанайлық шаруаларды несиелендіру үшін 19 млрд теңге бөлді. Осының арқасында Қарабалық ауданында етті-майлы қой тұқымы бес мыңға жетті.

«Ақ-Бидай-Агро» серіктестігі Еділбай және қылшық жүнді қой тұқымын өсіруді былтыр бастады. Селекциялық жолмен алынған асыл тұқымды мал солтүстіктің ауа райына тез бейімделді. Өсімтал түліктен алынатын өнім көл-көсір екені талас туғызбайды, дейді шаруалар.  

Дидар Хәкімжанов, "Ақ-Бидай-Агро" ЖШС басшысының орынбасары:

- Қойдың тағы бір ерекшелігі қыста туа береді. Басқа мал сияқты оны теплякқа қойып ондай машақаты аз. Негізі берекелі мал. 4-5 ай шамасында 60-70 келі ет береді. Ең жоғары көрсеткіш 170 келіден асқан біздің қошқарларымыз.

Қарабалықта Шопан ата түлігі Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен көбейіп жатыр. Ұсақ мал санын арттыру үшін серіктестік былтыр 151 млн теңге кредит алса, биыл тағы 200 миллион теңгеге өтініш жіберген.  Басты мақсат етті тұқымды малмен Қостанай облысын ғана емес, бүкіл республиканы қамту. 

Ердос Тапаев, "Терра" компаниялар тобының бас директоры:

- Бізге берілген несие өте тиімді. Кепілдік талап етілмейді. Рәсімдеу құжаттары  аз. Осының бәрі қой шаруашылығын дамытуға, тұқым түрін жақсартуға жол ашады.

Ауылдағы бизнестің дамуына корпорацияның тікелей несиесі де, несиелік серіктестіктер арқылы  берілетін қаржысы да септігін тигізіп жатыр.  

Берік Сәлмағамбетов, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ҚОФ мониторинг бөлімінің бас маманы:

- Жалпы Қостанай филиалы 2022 жылы 19,7 млрд сомасына 564 жобаны, соның ішінде 76 млн 225 мың теңге сомасына ұсақ мал өсіруге, оның ішінде 10 жобаны қаржыландырды.

Жыл соңына дейін Агралық несие корпорациясы отандық шаруаларды қолдауға 350 млрд теңге бағыттамақ.

Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/573531-agrarly-nesie-korporatsiyasy-ostanajly-sharualardy-nesielendiruge-arzhy-b-ldi