Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл қорытындысына арналған баспасөз конференциясын өткізді. Оған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және саланың басқа да басшылары қатысты. Іс-шарада Ауыл шаруашылығы министрі биыл 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнім көлемі 6,1 пайызға өсіп, 9,2 трлн теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл өсім мал шаруашылығында өндіріс көлемінің 3,5 пайызға, ал өсімдік шаруашылығында 7,5 пайызға артуына байланысты болғаны айтылды.
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады