Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары 2024 жылғы егін жинау науқанына несие береді

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облысы фермерлерінің аймақтардағы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларынан «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша күзгі жиын-терім жұмыстарына несие алуларына мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, биыл көктемде Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа «Кең дала 2» бағдарламасын іске қосқан болатын. Жаңа бағдарламада қарыз алушылар үшін жеңілдетілген жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде бекітілді.

«Бұған дейін фермерлер пайыздық мөлшерлемені қысқарту үшін және субсидия алу үшін жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларына жүгінуге, жаңа міндеттемелерге қол қоюға, қаржының бөлінгенін күтуге мәжбүр болған. Бұл олардың қаржылық жағдайларына кері әсер етіп келген. Енді мұндай әурешілік болмайды. Осы өнім шеңберінде Корпорация тиісті мемлекеттік субсидиялау Ережелеріне өзгерістер енгізуге бастамашы болды. Соның арқасында фермерлер үшін барынша тиімді әрі ыңғайлы жағдайлар жасалды», - делінген хабарламада.

«Бұл қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады, бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеңілдетілген 5% мөлшерінде бекітілді. Биыл кепіл мүлкі жетпейтін фермерлер үшін алғаш рет «Даму» Қоры қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіретін болды», - деп атап өтті Аграрлық несие корпорациясының сарапшылары.

Айта кетейік, биыл «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары бойынша көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін фермерлерге 320 млрд теңгеден астам сома берілді.

Кеңес алу үшін және «Кең дала 2» бағдарламасына өтінім беру үшін Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына жүгіну қажет. Бағдарламаның шарттарын Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар.