Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сақтандыру қазақстандық фермерлердің тәуекелдерін азайтуға көмектеседі

Құрметті достар, өздеріңіз білетіндей «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АӨК-дегі сақтандыру бағдарламаларының операторы және сақтандыру сыйақыларын субсидиялау процесін әкімшілендіреді. Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласында 16 сақтандыру өнімі бекітілген.

Қазіргі уақытта сақтандырушылар – «Jusan Garant» СК» АҚ және «Freedom Finance Insurance» СК» АҚ. Сонымен қатар бұл тәуекелдер халықаралық компаниялар арқылы қайта сақтандырылады.

Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер Agroinsurance платформасындағы Kezekte.kz. ақпараттық сервисінде жүргізіледі. Бұл жұмысты атқару үшін агросақтандыруға қатысушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет.

Сақтандыру процесінің барлық қатысушыларының сайтта жеке кабинеті бар және өзгерістердің бәрін онлайн түрде бақылай алады. Сақтандыру жағдайы басталған кезде ақпараттық сервис хабарлама жібереді. Сақтанушы 20 жұмыс күні ішінде фермердің шотына түсетін төлемге электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қояды.

Мал шаруашылығындағы сақтандыру өнімдерінің түрі көп. Оларға жұқпалы және аса қауіпті аурулар, өрт, үшінші тұлғалардың зиянды әрекеттері, қауіпті табиғи құбылыстар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, жарылыс, найзағай түсу, тұншығу, жыртқыш аңның шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы және басқа да қауіп-қатерлер жатады.

Осы өнімдердің бір бөлігі ретінде фермерлер малды өз шаруашылығының аумағында (әдеттегі қамту), сондай-ақ 5 км радиуста (кеңейтілген қамту) көрші шаруашылықтардың аумағында тәуекелдерден сақтандыра алады.

Сақтандыруға кемінде 10 бас ірі қара және кемінде 30 бас ұсақ мал, жылқы, шошқа және құс жатады.

Сақтандыру өтеміне және қамтылған мал санына байланысты тариф өзгереді. Сақтандыру жағдайы басталған уақытта сақтандыру төлемінің сомасы 100% болады. Одан франшиза үшін 2%-ға дейін және жануарларды міндетті түрде алып, жою төлемдері шегеріледі.