Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Агробизнесті қолдау орталығы оқыту семинарларын өткізеді

Екінші деңгейлі банктердің агроөнеркәсіптік секторды қаржыландырудағы үлесі 5% -дан аспайды. Негізгі кедергілердің бірі екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржылық ұйымдар мен лизингтік компаниялардың кредиттік қызметкерлерінің  АӨК-дегі тәуекелдерді бағалау әдістерін, салалық ерекшеліктерін нашар түсінуі болып табылады.

Мемлекеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру және даму институттары ретінде қарыз алушыларының қызметінің тұрақтылығы үшін Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру кезінде техникалық және технологиялық құзыреттілік деңгейін, ақпараттың қолжетімділігін және ЕДБ, МҚҰ, ЛК институционалдық жетілу  деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді.

Осылайша Аграрлық несие корпорациясының Агробизнесті қолдау орталығының қолдауымен «Агроөнеркәсіптік кешен жобаларын талдаудың салалық ерекшеліктері» тақырыбында қаржы институттарының қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді.

Оқыту семинары қаржы институттары қызметкерлерінің АӨК секторын дамытудың негізгі басым бағыттары бойынша салалық құзыреттілігін арттыруға  бағытталған - ет және сүт мал шаруашылығы; жемшөп өндірісі; жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру; өсімдік шаруашылығы. Алынған білімдер жобаларды және пайда болатын тәуекелдерді сапалы бағалауға және талдауға, сонымен қатар кредиттеудің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұрын осыған ұқсас АӨК-ін оларды қорландыру жолымен  қаржыландыруға қатысты қаржы институттарын институционалдық дамытуға арналған семинарлар Астана, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында өткізілді.

Анықтама үшін: Агроөнеркәсіптік несиелік корпорацияның құрылымы негізінде агроөнеркәсіптік кешенді қолдау орталығы биыл қаржылық емес қолдау шараларының шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және қаржы институттарына ақпараттық, кеңес берушілік, әдістемелік және білім беру қызметін көрсету мақсатында құрылған.

Орталық Қазақстандағы сынақтан өткен ШОБ үшін ЕҚДБ модельдері бойынша  әртүрлі серіктестердің қатысуымен және Түркиядағы фермерлерге арналған Түрік экономикалық банкі (TEB) үлгісімен жобалық офис үлгісінде құрылды.