2018 жылғы 1 сәуірден 3 сәуірге дейінгі кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаев Ислам Даму Банкі Басқарушы кеңесінің институционалдық даму мәселелері жөніндегі 43-ші жыл сайынғы отырысына қатысты. Іс-шара 1000-нан астам қатысушыларды жинап, исламдық қаржыландырудың соңғы трендтері мен жаңа мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналды. Биылғы жылы Fintech құралдарын пайдалану және тұрақты дамуға қол жеткізудегі исламдық қаржыландырудың рөлі туралы сұрақтар көтерілді. Айта кетейік, 2017 жылғы 24 қазанда Малайзияда ИДБ Ұлттық даму қаржы институттары қауымдастығының 65-ші Басқару комитетінде Корпорацияны Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау туралы шешім қабылданған болатын. Серіктестік Корпорацияға Ислам Даму Банкінің серіктес елдерінде агроөнеркәсіптік сектордағы исламдық қаржыландыру саласындағы зерттеулерге қол жеткізуге, түрлі әлеуетті инвесторлармен тәжірибе алмасуға және Fintech құралдарын енгізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.