Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясының несиелік бағдарламалары агробизнестің дамуына жағдай жасауда

Аграрлық несие корпорациясының қаржылық қолдауы 2017–2021 жылдарда АӨК дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде анықталған ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Аграрлық несие корпорациясы қаржылық оператор ретінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Қаржыландыру микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл сату арналарының санын көбейтуге және шалғайдағы ауылдарда несие алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында сыйымдылығы 1000 тоннаға жететін біржолғы сақтау мүмкіндігін беретін жеміс сақтау орнының құрылысы аяқталды. «Нокина» шаруа қожалығы жеміс сақтауға арналған қойма құрылысы мен тоңазытқыш құрылғыларын «Талғар» несие серіктестігі арқылы Аграрлық несие корпорациясының қаражатына орнатты.

Жобаның жалпы құны 262 млн.теңгені құрады. Шарау қожалығының негізгі қызмет түрі – бағбаншылық, сонымен қатар онда табиғи алма шырынын өндірумен айналысады. Шаруа қожалығында 20,40 гектар аумақта алманың «Голден Делишес» және «Старкримсон» сұрыптары өсіріледі, оның 15,4 гектар аумағын тамшылатып суару жүйесі және торлы жүйе қолданылатын экстенсивті бақтар және 5 гектар аумағын интенсивті бақтар алып жатыр.

«EmpireFood» ЖШС Аграрлық несие корпорациясының қаражатына ет өңдеу кешеніне қажетті жабдықтарды сатып алды. Жобаның жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрады. Оның 1,3 млрд теңгесі жабдықтарға, құрылыс-монтаж жұмыстарына 0,7 млрд теңге, айналым қаржысына 430 млн теңге жұмсалды. Бір ауысымда ет өңдеу кешенінің өндірістік қуаты 1120 басты құрайды, ҰҚМ – 1000 бас, ІҚМ – 120 бас.

Ет өңдеу кешені Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қасымбек ауылында орналасқан. «EmpireFood» ЖШС – осы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласындағы перспективалы компаниялардың бірі болып табылады. Ол өңірлік және халықаралық деңгейде өткізу нарығын кеңейтуге, негізгі тұтынушыларға сатылым көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ жақын шетелдердің нарықтарына шығатын дистрибьюторларды тартуды көздейді.

Аграрлық несие корпорациясы айналым қаражатын толтыру үшін экспорттық әлеуеті бар мал жемдеу алаңдарын қаржыландыру бойынша да жұмыстар жүргізеді. Осылайша, бүгінгі күні 13,3 млрд теңгеге 70 200 бас бұқа сатып алуға 16 мал жемдеу алаңының өтінімі келіп түсті. Барлық мал жемдеу алаңдарымен қазіргі таңда Корпорация филиалдары тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, фермерлік шаруашылықтарды құру мен етті жас мал тұқымдарын көбейту бойынша «Сыбаға» бағдарламасы да белсенді қаржыландырылуда.

«Теплоинвест» ЖШС Аграрлық несие корпорациясының қаражатына балық зауытына қажетті жабдықтар алып, ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы құны 487 млн теңгені құрады. Өндірілетін өнім түрлері мен көлемі: филе – 288 тонна, жаңа мұздатылған балық – 840 тонна және кептірілген балық – 336 тонна. Жаңа балық өңдеу зауыты өзінің өнімдерін Қазақстан, Ресей, ТМД және Қытай нарығына жеткізеді. 2018 жылы экспортқа 297 тонна, ішкі нарыққа 91 тонна өнім өндірілді. Бүгінгі таңда компания евро нөмір алу сатысында тұр.

Үш жобаның инвестициялық бөлімі «Агроэкспорт» несие бағдарламасы бойынша 8% жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаржыландырылатынын айта кеткен жөн. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша айналым капиталы жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 16%, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ескере отырғанда жылына 11% құрайды.

Анықтама: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылдық жерлерде бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуын ынталандыратын қол жетімді несие беру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Корпорация «ҚазАгро» холдингінің компаниялар тобының құрамына кіреді және оның тікелей басшылығымен өз қызметін Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан 16 филиалы мен өкілдіктері арқылы кең ауқымды жұмыстар атқарады.

 «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Ұялы тел: +77073708847

тел: (7172) 55 99 16