"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестік жөніндегі сапа менеджменті жүйесінің сертификат аудитінен сәтті өтті. Сертификаттау саласы ретінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтерді әзірлеу және ұсыну таңдалған. Менеджмент жүйесінің сәйкестігін бағалауды TQCSI (Kazakhstan) аккредиттелген компаниясы жүргізді. Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты ұйымда әлемдік стандарттардың талаптары мен ережелеріне сәйкес сапа менеджменті жүйесі сәтті енгізілгенін және жұмыс істейтінін растайды.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады