Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Талдыкорғанда ауыл шаруашылығы мәселелері қаралды

Талдықорған қаласында ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынды «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» мен «Ауыл» партиясы ұйымдастырды. Негізгі мақсат – өңірдегі фермерлердің қазіргі жағдайын талқылап, саладағы мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.

Кездесу барысында қатысушылар егіс науқанына дайындық, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және қаржыландыруға қолжетімділік мәселелерін талқылады.

Шараға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айдын Досқараев және «ҚазАгроФинанс» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмабаев қатысып, фермерлерге арналған қолданыстағы несие және қаржылық бағдарламалар мен кепілдік беру механизмдері туралы ақпарат берді.

Кездесу ашық форматта өтіп, фермерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Тараптар ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру және өнім өткізу нарығын кеңейту бойынша бірлескен жұмыстың жалғасатынын атап өтті.


chat-bgov

Кеңес ал!