Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Түркістан облысында «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша баспасөз конференциясы өтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев пен Корпорацияның Түркістан облысындағы филиалының директоры Фурхат Миркаримов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өткен баспасөз конференциясына қатысты. Спикерлер журналистерге жаңа бағдарламаның шарттарын түсіндірді.

Сондай -ақ Айдын Еділханұлы облыстағы кредиттік серіктестік өкілдерімен кездесіп, Аграрлық несие корпорациясының өткен жылғы жұмыстарының қорытындысы мен биылғы жылға арналған жоспарларын таныстырды. Бұдан бөлек кредиттік серіктестіктердің қызметіне қатысты бірқатар мәселе талқыланып, фермерлердің сұрақтарына жауап берілді.