Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Суармалы жүйенің пайдасы мол

Қазір әлемдік нарықта арпаның тоннасы 125 мың теңге, ал мал азықтық жүгерінің тоннасы 160 мың теңге. Бұл дақылдарға сұраныс жоғары. Қаны жерге тамбай тұр. Нарықтың дәл осы артықшылығын пайдаланған агроқұрылымның бірі Абай облысында. «Muhit AGRO» ЖШС дақылдарды егуге тыңғылықты дайындалған. Ең әуелі Үржар ауданындағы 960 гектар егістік алқапқа суармалы жүйе тартуға кіріседі. 

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына Қытайдан 12 дана Rаinbow құрылғысын сатып алдық. Қазір суармалы жүйе құрдық. 960 гектардың 300 гектарына жүгері, қалғанына арпа ектік. Жүгеріні мал азықтық дақыл ретінде сатамыз. Биыл бірінші жыл ектік. Түсім жаман болмас, гектарына 10 тоннаға дейін алатын шығармыз», - дейді серіктестік басшысы Сембек Байтілеуов.

2020 жылы құрылып, келесі жылы сұранысқа ие дақыл еккен кәсіп иесі Аграрлық несие корпорациясының несиесі тиімді екенін айтады. Ал сұраныс жоғары болғасын арпа еккен. Әрі мұның арамшөптермен күресте тиімділігі мол, бір жағынан ауыспалы егістікке жақсы. Жоба биыл жемісін берсе, үржарлық серіктестік келер жылы Аграрлық несие корпорациясына жүгініп, 2 мың гектар жерге мұндай құрылғының 24 данасын алмақ.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. Толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды орналасқан филиалдардан ала аласыздар. Филиалдар сайтта көрсетілген.