Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жас кәсіпкерге шағын несие

Наурызбай Абдулла - Түркістан облысы Шәуілдір ауылындағы жас кәсіпкер. Заңгер мамандығы бойынша оқу бітірген жігіт жұмыс таппай мал шаруашылығын бастап кетті. Таныстарының жөн сілтеуімен былтыр жазда Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. Түркістан облысы бойынша филиалда жеңілдетілген несие рәсімдеп, жергілікті шаруашылықтардың бірінен 15 бас мүйізді ірі қара мал сатып алды.

Несие нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған.

 «5 миллион теңге несие алдым. Несие мерзімі – 40 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%. Шарттары менің қожалығым сияқты шағын шаруашылықтар үшін тиімді. Алғашқы төлемді төлеп те қойдым», - деді жеке кәсіпкер Наурызбай Абдулла.

 Аграрлық несие корпорациясы кәсіпкерлерге шағын несие беруді жалғастырып жатыр. «Іскер» бағдарламасы бойыша несие мал шаруашылығын жүргізетіндерге 5 млн теңгеге дейін және 7 жылға, басқа кәсіп түрлеріне 6 млн теңгеге дейін және 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%, тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан басталады. Негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік мерзімі бар.

Несие шарттары мен корпорация филиалдарының байланыс нөмірлері agrocredit.kz сайтында бар.

 Біздің жаңалықтарымызды @agrocreditkz телеграм-арнасынан да оқуға болады.

 Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.