Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы Jańa Dala көрмесіне қатысады

Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Jańa Dala/GreenDay 2022» Егістік күні көрме-көрсетілімі өтіп жатыр. Шаруалар үшін маңызды саналатын ауқымды шараға Аграрлық несие корпорациясы қатысуда. Жыл сайын өтетін дәстүрлі көрме отандық және шетелдік аграрийлердің өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстардың нығаюына септігін тигізеді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында аса тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор екенін атап өтті.

Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға несие өнімдерін ұсынады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорацияның желісі бойынша 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өнідірушісін қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді.

- Республикалық бюджеттен қысқа мерзімді несие ретінде 70 млрд теңге бөлінген болатын, бұл қаржы «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын несиелеуге жұмсалды. Бұған қоса, Үкімет 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Осылайша, биыл бұл бағытта фермерлерді қолдау мақсатында қаржыландыру көлемі екі есеге артып отыр. Шаруалардың көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы бастауы үшін корпорация қосымша қаражаттың түсуін күтпей өз қорынан несиелендіруді бастады. Қазіргі таңда бұл берешектер бюджеттік қаржымен алмастырылып отыр. Жалпы 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға корпорация 330 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр, - деді Аграрлық несие корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Олжас Баймаханов.

Көрме-көрсетілім барысында корпорация мамандары шаруалар үшін қаржыландыру бойынша кеңестер беріп, несие шарттарымен таныстырды. Несиелеу «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» атты үш бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қаржы мал және егін шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын жүзеге асыру үшін ірі және шағын тауар өндірушілерге беріледі.

Жалпы, корпорация тікелей несие беру арқылы 57,9 млрд теңге, ал қаржы институттарын қорландыру арқылы (несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларын қаржыландыру) - 124,6 млрд теңге бөлді.

Сонымен қатар, корпорация аграрлық сақтандыру бойынша агенттік қызметттерді атқаруда. Егістік алқаптары мен жайылымдарды артық ылғалдан немесе керісінше құрғашылықтан сақтандыру, мультитәуекел бағдарламалары бойынша ірі қараны, ұсақ мал, жылқы мен құсты сақтандыру бағдарламалары жұмыс істеуде. Аграрийлер үшін сақтандыру құны мемлекет бөлетін субсидия есебінен 50 пайызға төмендетіледі.

Ақмола облысында өтіп жатқан жыл сайынғы «Jańa Dala/GreenDay 2022» Егістік күні көрме-көрсетілімі АӨК саласындағы озық үлгідегі технологиямен танысуға, отандық және шетелдік аграрийлерді өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстардың нығаюына септігін тигізетін тиімді алаң. Дәстүрлі шараға 5 мыңнан адам қатысып, 30-дан аса компания өз ауылшаруашылығы техникалары мен қондырғыларын іс жүзінде таныстырады. Одан бөлек түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдері мен шеберлік сабақтары өтеді.