Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қазақстандық шаруалар келесі жылдың көктемгі егіс жұмыстарына  23 миллиард теңге алды

Отандық шаруалар алғаш рет көктемгі егіске дайындық қаражатын ерте алды. Келер жылдың егін егу жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы 23 миллиард теңге бөлді. Енді шаруашылықтар көктемге ерте қамданатын болды.

"Кең дала" бағдарламасын іске асыруға несие серіктестіктері белсенді қатысады. Солардың бірі "Целиноград" несие серіктестігі Ақмола облысының шаруаларын 940 миллион теңгеге қаржыландырды. Бұл қаражат 2023 жылғы егіс науқанын тиімді жүргізуге көмектеседі, дейді қаржы ұйымының басшылығы.

- Шаруалар жыл сайын "Кең дала" бағдарламасы бойынша дайындық қаражатын көктемде алатын, бұл тиімсіз еді. Биыл, біріншіден, қаржыландыру көлемі ұлғайды, екіншіден, егін салушылардың мүддесін ескере отырып, корпорация несие шартына өзгеріс енгізді. Енді шаруа қожалықтары егін егу жұмыстарына қажетті ақшаны желтоқсан айында алып, тұқым, жанар-жағар май, тыңайтқышты биылғы бағамен сатып ала алады. Тәжірибе көрсеткендей, көктемге қарай баға 10-15% - ға көтеріледі, - деп атап өтті "Целиноград" несие серіктестігінәі басқарма төрағасы Сағадат Әшебеков.

Биылғы макроэкономикалық жағдайды, егіс және егін жинау науқанындағы шығындардың артуын, осы саладағы несие қаражатына сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, мемлекеттен қосымша 70 млрд теңге бөлінді.

- Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен биыл 5,2 миллион гектар егістік жер өңделді. Қаражаттың бір бөлігі - 23 миллиард теңге 2023 жылғы егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған. Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру үшін өз қызметін жетілдіруді жалғастырады, - деді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Қаржының ерте бөлінгені арқасында Түркістан облысындағы "Ай" шаруа қожалығы көктемде егетін тұқымды сатып ала бастады. Шаруашылық өкілі Бағдат Айбосыновтың айтуынша, бұл шаруаларға ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.

- Күздік дақылды егіп қойдық. Көктемде 800 гектар жерге бидай, арпа, мақсары және жоңышқа егуді жоспарлап отырмыз. Тұқымын қазір сатып алып жатырмыз, көктемде олар әлдеқайда қымбатқа түседі. Сондықтан несиенің қазір берілгені жақсы. Көктемге ауыл шаруашылығы техникасын, 25 тонна жанар-жағар май дайындадық. Наурыз айында егін егуді бастаймыз, - деді "Ай" шаруа қожалығының өкілі Бағдат Айбосынов.

Келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржы көлемі 140 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр.

Анықтамалық ақпарат: "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап корпорация мал және егін шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің басқа да бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыра отырып, жеңілдетілген несие берумен айналысады.