Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2023 жылы Аграрлық несие корпорациясы 46 инвестициялық жобаны қаржыландырды

Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені секторын қаржыландыру көлемін ұлғайтуды жалғастыруда, оның ішінде қолдау көрсетілген инвестициялық жобалар саны да өсіп келеді. Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков айтып берді.

- Алмат Бүркітбайұлы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Аграрлық несие корпорациясы қызметінің негізгі қорытындылары қандай?

2023 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы өз қызметтерін дамытуды, фермерлерді қаржыландыру мүмкіндігін арттыруды жалғастырды.

Мәселен, 2023 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы берілген лизингті қоса есептегенде Аграрлық несие корпорациясының жобаларын қаржыландыруға 500 млрд теңге бағыттау жоспарланған болатын. Бірақ фермерлер тарапынан сұраныстың көптігі ескеріліп, бұл сома іс жүзінде 554,7 млрд теңгеден асты. Яғни көрсеткіш негізгі жоспардан 11%-ға артық орындалды.

Мәселен, Оның ішінде «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 186,8 млрд теңгеге (бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 31%-ға жоғары) жобалар қаржыландырылды.

Егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 141,2 млрд теңге, кәсіпкерлерді қолдауға, оның ішінде жастар бағыты бойынша – 47,8 млрд теңге және ҚазАгроҚаржының лизингтік бағдарламалары бойынша -178,8 млрд теңге берілді.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды қаржыландыру жалғасуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Корпорация портфелі 46 жобамен толықты, оларды қаржыландыруға 17,3 млрд теңге бөлінді, оның ішінде негізгі қаржыландыру тауарлы сүт фермаларына (45,1%), суару жүйелеріне (23,8%), көкөніс және жеміс сақтау қоймаларына (17,5%), құс фабрикаларына (6%) тиесілі.

Өткен жылы 29 жоба пайдалануға берілді, оның ішінде 8 жоба өнімін шығаруда. Енгізілген жобалар бойынша жалпы жобалық қуаттылығы 44 мың тоннаның ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Жалпы, 2006 жылдан бері 474 инвестициялық жоба іске асырылды, оларды қолдауға 407,4 миллиард теңге бөлінді.

- Сіздер қаржыландыратын жобалар Қазақстан аумағы бойынша қаншалықты біркелкі шоғырланған және олардың болашақтағы тиімділігін алдын ала болжауға бола ма?

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде оған ерекше назар аударылады. Мәселен, бизнестің бұл түрі басымдыққа ие ме, жобалардың қаржылық тұрақтылығы қандай, олардың әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерге әсері қандай деген басты басымдықтары сараланады. Негізгі құралдарды, оның ішінде биоактивтерді сатып алу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын толықтыру бағыттары қаржыландырылады.

Өткен жылы Корпорация инвестициялық жобалардың нормативтері мен оларға қойылатын талаптарды қабылдады. Біз бұл нормаларды салалық қауымдастықтармен – Қазақстанның ет-сүт одағымен, картоп және көкөніс өсірушілер одағымен, жылыжайлар қауымдастығымен, Алматы облысының бағбандар қауымдастығымен, ет өңдеуші кәсіпорындар қауымдастығымен, Құс өсірушілер одағымен, Қазақстанның май өндіруші одағымен келіскен едік.

Бұдан бөлек жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру мәселесін сарапшылармен талқылау кезінде Аграрлық несие корпорациясының талдаушылар тобы қандай өңірлерде белгілі бір ауыл шаруашылығы бағыттарын дамыту неғұрлым үнемді екенін анықтады. Мысалы, климаттық жағдайларға байланысты Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында бау-бақша шаруашылығын дамытқан жөн.

Өткен жылдан бастап инвестициялық жобаларды екі кезеңмен қарау процесі де енгізілді: бірінші кезеңде құжаттардың ең аз пакеті негізінде индикативтік сараптама жүргізіледі, екінші кезеңде өтініш беруші мен инвестициялық жобаны қаржыландыру мүмкіндігіне қарау сияқты талдау жүргізіледі.

Бұрын фермерлер бірден құжаттардың толық кеңейтілген тізімін, соның ішінде кемінде екі-үш айға созылатын және үлкен қаржылық шығындарға әкеп соқтыратын жобалалық-сметалық құжаттаманы алып келуі керек еді. Өйткені жобалаушыларды, смета жасаушыларды, авторлық және техникалық қадағалауды жалдау қажет болды.

Бұл ретте ЖСҚ оған оның жобасының қаржыландырылатынына кепілдік бермеді.

Енді бірінші кезеңде біз фермерлер үшін алғашқы индикативті шарттарды барынша жеңілдетеміз. Біз оларды алдын ала қарастырамыз және оған қаржы алу үшін күш салу керек ұсыныстарды береміз: кепілдіктерді күшейту немесе жобалық құжаттамасына тапсырыс беру жұмыстары аяқталғаннан кейін ол екінші кезеңге қатыса алады. Бұл жоба бастамашыларына құжаттарды жинау шығындары мен уақытын үнемдеуге, әуре-сарсаңды жоюға мүмкіндік береді.

Биыл қандай жобаларды қаржыландыруды жоспарлап отырсыздар және басымдыққа ие салалар бар ма?

2024 жылы жалпы сомасы 85 млрд теңгеден асатын 58-ден астам жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, суару жүйелерін енгізу, сондай-ақ жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларын салу сияқты жобаларға басымдық беріледі.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет.