Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы мен Қазагроқаржы тарапынан су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шаралары

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шараларын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниялары ұйымдастырады.

Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы су тасқынынан зардап шеккен қарыз алушыларының төлемдерін кейінге шегереді. 2024 жылғы кестенің барлық төлемі 2025 жылдан бастап біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімінің соңына дейінгі төлемдерге теңдей бөлінеді. 2024-2025 жылдары қарызы аяқталатын жобалар бойынша қызмет бағытына байланысты төлемі 24 айға дейінгі мерзімге ұзартылады. Бұл көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарынан бөлек барлық бағыттарға қолданылады. Ал осы бағыттағы қарыз алушылар бойынша қайта құрылымдауға/ұзартуға өтінімдерді қарау егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Су тасқыны салдарынан зардап шегіп, несие төлемін кешіктірген азаматтарға айыппұл салынбайды, өсімпұл есептелмейді.

Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржыда жұмысты  жылдамдату үшін аз ғана құжаттың негізінде өтінім қараудың жеңілдетілген процесі бекітілді.

Зардап шеккендер тізіміндегі Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының қарыз алушылары – жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері төлемді кейінге қалдыру үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

- қарыз төлемін кейінге шегеру/қайта құрылымдау туралы өтініш;  

- өтініш беруші жергілікті атқарушы органның ТЖ/су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің тізімінде болуы тиіс.

Өтініш беруші Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының тізімдерінде болмаған жағдайда, ол форс-мажорлық жағдайдың туындағанын растайтын аудандық деңгейден төмен емес жергілікті атқарушы органдардан құжат әкелуі тиіс.

Шешім жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес қабылданатын болады. Өтініштер қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.

Жоғарыда көрсетілген шарттар мен тәртіптің 2024-жылдың 1-сәуіріндегі жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы алдында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыз алушыларға қатысы жоқ. Алайда мұндай қарыз алушыларды қолдау мақсатында тұрақсыздық айыбын есептеу 2024-жылдың 1-сәуірінен 30-маусымына дейін тоқтатылады. Сондай-ақ, шарттар жеке-маңызды қарыздар классификациясына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды (негізгі борыш қалдығы бар қарыздар қаржы институтының жеке капиталының 0,2%- на тең, атап айтқанда Аграрлық несие корпорациясы бойынша – 863,0 млн теңге, ҚазАгроҚаржы бойынша – 370,0 млн теңге). Мұндай қарыздар жеке тәртіппен қаралатын болады.