Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыруға өтінім қабылдау басталды

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешенін сақтандыру саласындағы оператор ретінде 2024 жылғы вегетациялық кезеңде топырақтағы (жаңбыр) артық ылғалдан дақылдарды сақтандыру шартын жасасуға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бұл сақтандыру дәнді және майлы дақылдарды жинау кезеңінде топырақтағы артық ылғалдан болатын тәуекелді қамтиды.

Биыл топырақтағы артық ылғал индексіне қатысты сақтандыру тарифі мен сақтандыру төлемінің мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ сақтандыру кезеңдері қарастырылған.

Өнім бойынша сақтандыру тарифі сақтандыру сомасының 3%-ын құрайды.

Бірінші кезең бойынша сақтандыру кезеңі 15-тамыздан 14-қыркүйекке дейін, екінші кезең 2024 жылдың 15 қыркүйегінен 14-қазанына дейін созылады.

Әр кезең бойынша сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 10,5%-ын, ең жоғары сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының 21%-ын құрайды.

Дақылдарды топырақтың артық ылғалдылығынан (2 кезең) сақтандыру үшін өтінімдер биыл 30 маусымға дейін қабылданады.

Сақтандыру өтінімін Kezekte.kz платформасындағы agroinsurance ақпараттық онлайн сақтандыру жүйесі арқылы беру керек.

Онлайн сақтандыру жүйесінің жеке кабинетінде фермер өз егіс алқабын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтауы тиіс. Сақтандыру шартын жасасып, сақтандыру сомасының 20% мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеуі қажет. Ал сақтандыру сыйақысы сомасының қалған 80%-ын оператор сақтандырушының өтінімі бойынша субсидия ретінде төлейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сақтандыру ерікті негізде жүзеге асырылады.