Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы су тасқыны салдарын жоюға және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен фермерлерге көмек көрсетуге бағытталған Үкіметтің шұғыл шараларын қолдайды

Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол әкімдіктің, «Ауыл», «Аманат» партияларының өкілдерімен, Қобда және Ойыл аудандарындағы тасқын судан зардап шеккен фермерлермен кездесті.

Марлен Нәбиев атап өткендей, су тасқынынан зардап шеккен фермерлер қарыздарын қайта құрылымдау және төлем мерзімдерін ұзарту мүмкіндігіне ие болады.