Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Айдын Досқараев Қостанай облысының фермерлерімен кездесті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегациямен Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.

Делегация өкілдері жиын-терім науқаны жүріп жатқан шаруашылықтың және бірқатар агрокәсіпорынның жұмысымен танысты. Соның ішінде Аграрлық несие корпорациясы қайта өңдеу бағыты бойынша қаржыландырған «Баян Сұлу» АҚ бар. Кәсіпорын жылына 85 мың тоннадан астам кондитерлік өнім шығарады. Жоғары технологиялық өндіріс желілерін іске қосқан компания өнімнің 200-ге жуық түрін өндіреді.

Федоров ауданының әкімдігінде аймақ фермерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Онда келесі жылғы егін егу науқанына дайындық және мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды. Айдын Досқараев фермерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.


chat-bgov

Кеңес ал!