Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауыл шаруашылығы министрі Павлодар облысына барды

Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен есептік кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және саланың басқа да басшылары Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Онда өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шаралар талқыланды.

Министр бастаған делегация өкілдері «Корн Агро»  ЖШС-нің жұмысымен танысты. Компания Аграрлық несие корпорациясының қаржыландыруымен жаңбырлатып суару машинасын сатып алған және сыйымдылығы 12 800 тонна болатын көкөніс қоймасын салған. Айта кетейік, «Корн Агро»  ЖШС мың гектарға жуық жерге картоп егеді. 

Осы аптада делегация Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.


chat-bgov

Кеңес ал!