Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауыл кәсіпкерлігін қолдау

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерекебұлан Жұмжаев Астанада «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша ұйымдастырылған республикалық көрменің ашылуына қатысты. Жоба ауылды жерлерде шағын және микробизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған.

Жобаны «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев бастаманың өңірлерді тұрақты дамытудағы маңыздылығын атап өтті:

«Осы жобаны іске асыру бойынша бірлескен күш-жігеріміз елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне және өңірлеріміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдімін».

Биыл көрмеге Қазақстанның 20 өңірінен 50 финалист қатысуда. Стендтерде табиғи тамақ өнімдері, қолөнер бұйымдары, тоқыма бұйымдары, косметика және ауыл шаруашылығына арналған инновациялық әзірлемелер бар.


chat-bgov

Кеңес ал!