Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы өкілдері фермерлердің сұрақтарына жауап берді

Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев Қазақстан фермерлері қауымдастығы ұйымдастырған кеңеске қатысты. Іс-шараны Қауымдастық төрағасының орынбасары Ермек Абуов жүргізді.

Спикерлер өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, кредиттік бағдарламаларды ұсынды және осы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы жүзеге асыратын фермерлерді қаржылай қолдау жүйесін түсіндірді.

Кеңеске республиканың барлық өңірінен 151 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші онлайн қосылып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Фермерлер несиелерді төлеу мерзімін ұзарту, жеңілдетілген лизинг алу, қаражатты облыстарға бөлу, банктермен және кретиттік серіктестіктермен жұмыс істеу мәселелері туралы сұрады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев  осындай диалог алаңын ұйымдастырған қауымдастық өкілдеріне ризашылығын білдіріп, Корпорация фермерлер көтерген мәселелерді барынша шешуге тырысатынын айтты. Өз кезегінде Қазақстан фермерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары Ермек Абуов бұл кеңестің тұрақты өткізіліп тұратынын айтты.