Алматыда өңірдің қаржы, технологиялық саласының көшбасшылары мен сарапшыларын біріктіретін Central Asia Fintech Summit атты ірі салалық іс-шара басталды. Қатысушылар қатарында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сапулатов бар. Саммит аясында финтехті дамытудың негізгі және инновациялық бағыттары талқыланады. Спикерлер орталық банктердің цифрлық валюталары (CBDC) және трансшекаралық төлемдер, қаржы саласында жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдану, Орталық Азияның финтех-экожүйесін қалыптастыру, төлем құралдарының болашағы және саланың цифрлық инновациялары сияқты тақырыптар бойынша идеялары мен тәжірибелерімен бөліседі.
05.01.2026 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» Қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер Холдингтің барлық еншілес компанияларына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады.