Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Алматыда журналистерге Аграрлық несие корпорациясының 2023-жылы атқарған қызметінің қорытындысы таныстырылды

Алматы қаласында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Айдын Досқараев пен филиал директоры Әмірхан Смайылұлының қатысуымен брифинг өтті.  Спикерлер Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Корпорацияның және Алматы филиалының 2023-жылы атқарған қызметінің қорытындысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, 2023-жылы Аграрлық несие корпорациясы 16 181 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлерге 376 млрд теңгенің несиесін берді. Соның ішінде Алматы филиалы 14 млрд теңгеден астам соманың жобасын қаржыландырды.