Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Абай облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу

Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен есептік кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және саланың басқа да басшылары Абай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Онда өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шаралар талқыланды.

Министр бастаған делегация өкілдері «Приречный» аграрлық фирмасы» ЖШС жұмысымен танысты. Компания «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясынан қаржы алып, 1 700 гектар жерге жүгері, жоңышқа және көкөніс еккен.

2025 жылдың 8 қазаны күні делегация Шығыс Қазақстан облысына барып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі.


chat-bgov

Кеңес ал!