Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Алматыда «АӨК-дегі кредиттік серіктестіктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Алматыда «АӨК-дегі кредиттік серіктестіктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерімен кездесті. 34 кредиттік серіктестік өкілі қатысқан жиында өзара іс-қимылды, қаржыландыру бағдарламаларын, сектордың жалпы проблемаларын шешу және фермерлерді қолдау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Одақтың қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі тексеру комиссиясының 2023 жылғы есебі, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы, 2024 жылға арналған жұмыстар мен жоспарланған шығындардың сметасы ұсынылды. Айдын Досқараев Кредиттік серіктестік өкілдеріне саланы дамыту бағытындағы Корпорацияның жоспарын таныстырып, сұрақтарына жауап берді.