Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын жалғастырды

Кеше Ақтөбе облысында болған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев бүгін іссапарын Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе және Теректі аудандарында жалғастырды. Екі ауданның әкімімен және Несие серіктестік басшыларымен кездесіп, тасқын судан зардап шеккен шаруалардың жағдайын білді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Корпорация тарапынан тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен фермерлердің қарыздары қайта құрылымдалып, төлем мерзімдері кейінге шегерілетін болады.