Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Басқарма төрағасының орынбасары Ақмола облысына барды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегациямен Ақмола облысының Атбасар ауданына барды. 

Делегация өкілдері аудандағы 34 мың гектарға арпа, бидай және зығыр егетін «Шуйское ХХI» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Шаруашылық Аграрлық несие корпорациясынан «Достық-Дружба» несие серіктестігі арқылы «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеген. Уақтылы қаржыландырудың арқасында агрокәсіпорын көктемгі егіс жұмыстарын сәтті жүргізіп, егін жинау жұмыстарын сәтті аяқтады. Сонымен қатар министр бастаған делегация компанияның тауарлы сүт фермасы мен көкөніс қоймасын және компанияның қаржылай қолдауымен салынған әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. Олардың қатарында Мәдениет үй мен Б.Барманқұлов атындағы спорт кешені мен бар. Бұл жобалар Шуйское ауылының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 

Осыдан кейін жергілікті фермерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Онда көктемгі егін егу кезеңіне дайындық барысы пысықталып, облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Айдын Досқараев Корпорация жұмысына қатысты фермерлердің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.


chat-bgov

Кеңес ал!