Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Басқарма төрағасының орынбасары СҚО фермерлерімен кездесті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегациямен Солтүстік Қазақстан облысына іссапармен барды. 

Жұмыс сапары аясында жергілікті фермерлердің қатысуымен кеңес өтті, онда өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өзекті мәселелері және 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы талқыланды. 

Айдын Досқараев Корпорация тарапынан қаржыландыру және қолдау құралдарын жетілдіруге қатысты ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ұсыныстарын тыңдап, кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

Осыдан кейін делегация өкілдері өңірдегі бірқатар агрокәсіпорынның жұмысымен танысты. Соның ішінде Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Зенченко и К» сенім серіктестігі бар. Кәсіпорын мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын табысты іске асырып, сүт өңдеу саласын дамытуда. Компания сүт зауытының өндірістік қуаты бір ауысымда шамамен 60 тоннаға жетеді. 

Жұмыс сапары өңір фермерлерімен пікір алмасуға, саланың өзекті қажеттіліктерін анықтауға және Солтүстік Қазақстан облысында агробизнестің тиімділігін арттыру үшін одан әрі ынтымақтастық бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.


chat-bgov

Кеңес ал!